Денсаулық сақтау министрлігі жуырда әнші Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлінің отбасында болған тойларға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрлігінен карантинде той жасаған қазақстандық жұлдыздардың қандай жазаға тартылатынын сұрады.
"Айтпақшы, бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің жеке бақылауында. Бүгін таңертең министрмен осы мәселені талқылаған едік. Ол менің көзімше Алматының бас санитарлық дәрігері Бекшинге қоңырау шалды. Қазір Алматының полиция департаментімен бірлесіп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін тексеріс жүріп жатыр", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.Полицейлер тойдың нақты қашан және қайда өткенін, оған кім қатысқанын және ұйымдастырушылар қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтауда.