Коронавирустан қайтыс болған 11 дәрігердің туысы өтемақыға өтініш берді

Коронавирустан қайтыс болған 11 дәрігердің туысы өтемақыға өтініш берді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы қандай көлемде беріліп жатқанын айтты.

«КВИ-мен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері, вирусты жұқтыру жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемдер алды. Сондай-ақ, осы індеттен қайтыс болған 3 медициналық қызметкердің туыстарына төлемақы берілді. Тағы 11 адам (қайтыс болған медициналық қызметкерлердің туыстары) өтініш берді. Сол сұрақтар қарастырылып жатыр», - деді ведомствоның ресми өкілі.
КВИ жұқтырған 776 дәрігердің әрқайсысы 2 млн теңгеден алды. Қайтыс болған медицина мамандарының туыстары 10 млн теңгеден алды.