Сайрам-су шатқалына демалуға барған екі адам құздан құлап кетті
Сайрам-су шатқалына демалуға барған екі адам құздан құлап кетті
5,197
оқылды
Оқиға Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында 23 тамызда болған, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 5 адамнан тұратын туристер тобы кешкі сағат алты шамасында теңіз деңгейінен 4236 км биікте орналасқан «Сайрам» мұздығына қарай көтерілген. Олар жолда таудан түсіп келе жатқан өзге топты көріп, көмектесуін сұрапты. Айтуларынша, 1978 жылғы ер адам және 1981 жылғы әйел адам шатқалдан құлап кеткен. Осыдан кейін оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Олар автокөлікпен жазғы кемпингке жетіп, ары қарай жаяу көтерілген. 24 тамызда күндізгі сағат екіде 5 адамнан тұратын құтқару тобы 3500 метр биіктікте 1978 жылы туған ер адамды тапты. Оның жағдайы ауыр, қабырғасы сынып, дене мүшелері үсіп қалған, тыныс алуы қиын. Сондай-ақ, арада бір сағат өткеннен кейін құтқарушылар шатқалдан құлаған әйел адамның мәйітін тапты. Оның денесін алып шығу үлкен қиындық тудырды дейді ТЖД мамандары. Сондықтан альпинистік жабдықтар қолданылған.