Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды
©Сурет интернеттен алынды
Бұл жайында «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді. 25 тамызда Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді. Өскемен мен Семейде күн күркірейді. Жел қарқыны - 15-20 м/с.
Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Түнде және таңертең жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соққан желдің күші - 15-20 м/с. Аймақтың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ертең Қарағанды және Жезқазған қалаларында күн күркірейді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы облысында және облыс оратылығы - Талдықорған қаласында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.