Түркістан облысында мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісі өтті. Жиында түрлі бағыттағы 26 мәселе фракция мүшелерінің талқысына салынды.
Мәжіліске облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен фракция мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Фракцияны жаңадан сайланған жетекші Мұрат Төлтебаев жүргізді.
Мәжілісте, ең алдымен, депутаттар Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары ретінде Алмас Салимовты сайлады.
Күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселені, соның ішінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын және әкімдік жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту, алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау сияқты түрлі бағыттағы 26 мәселені қарады.
Жиында «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту» және «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаев пен денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер жайында облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және құрметті азаматтардың тізімін ұсыну үшін облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков арнайы баяндама жасап, сөз сөйледі.
Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынылған тізімде: Бейбіт Атамқұлов – Сыртқы істер министрі, Нұрғали Әшімов – Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлықпан Бәшенов – еңбек ардагері, Тамара Дүйсенова – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, Ханбибі Есенқарақызы – ақын, еңбек ардагері, Юрий Кирюхин – еңбек ардагері, Сайдулла Қожабаев – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Мирильяз Миркадиров – еңбек ардагері, Омарбек Нұржанов – еңбек ардагері, Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-миниистрі, Мұрат Тағаев – «Ордабасы Құс» ЖШС бас директоры, Байділда Жылқышиев – Парламент Мәжілісінің депутаты, Бекасыл Төлендиев – «ART Құрылыс» ЖШС директоры, Марат Тұяқбаев – еңбек ардагері, Жансейіт Түймебаев – Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі, Өстемір Тілеген – еңбек ардагері, Ибадулла Үмбетаев – «Қазақмақта» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Анна Шаля – ҰОС ардагері, Лесбек Тәшімов – Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессоры бар. Аты аталған азаматтарды марапаттау бойынша фракция депутаттары ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ жиынның тағы бір айта кетерлігі, депутаттар халықтың мәселесін шешіп, әлеуетін жақсарту үшін енді мемлекеттік бюджетке енгізуге қарамастан, қайырымдылық жасап жарыспақ.
Түркістан облысы