Банк жетімдердің үйін тартып алмақ
Банк жетімдердің үйін тартып алмақ
©Сурет интернеттен алынды
109
оқылды
Қызылорда қаласында екі бауырына қамқоршы болып отырған 18 жастағы бойжеткен елден көмек сұрап отыр.
Екі ай бұрын Базаркиндар отбасы орны толмас қайғыға душар болған. Балалардың анасы жүрек ауруынан дүниеден озған. Сол уақыттан бері Евгения 16 жастағы сіңілісі мен 2 жасар інісін заң жүзінде өз қамқорына алыпты. Отбасы соңғы 15 жылдан бері апатты үйде тұрып келеді. Бірақ жақын арада бұл баспанадан да айырулары мүмкін.  Бұл жайында Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
"Анамыз бар кезде күшті болды ғой барлығы. Мама жоқ болғаннан кейін бізге қарайтын ешкім жоқ". Анасының қырық күндік асын өткізген Евгения әлі көз жасын тия алар емес. Жанашырының енді өмірде жоқтығына сенгісі де келмейді. Бұл күнде қарайласатын жақындары да қалмаған. Әкесі бөлек тұрады екен. Тек арасында қыздарына азық-түлік пен ақшалай көмек беретін көрінеді.
Евгения сіңілісі екеуі колледжде оқиды. Кіріс көзі тек екі балаға берілетін 66 мың теңге жәрдемақы. Ол да азық-түліктен арылмайды екен. "Бауырларымды қалай жеткізем" деп басы қатқан бойжеткен, анасынан қалған екі бөлмелі пәтерді өз аттарына аудара алмай жүргенін айтады.
"Нотариуске барған кезде үйдің арестте тұрғанын білдік. Біз неліктен екенін түсінбедік басында. Бізге бір судисполнительдің номерін берді. Біз соған барып қайттық. Сөйтсек маманың төленбеген кредиті бар екен. Сол кредитті төлемегені үшін үйді арестке қойыпты. Өтйкені үй маманың атында бір-ақ мүлік бар, ол - осы үй. Енді біз өзімізге аудара алмадық" дейді марқұмның қызы Евгения Базаркина.
Базаркиналар тұрып жатқан 24 пәтерлі екі қабатты үйді жергілікті билік аппатты деп таныпты. Мұндағылар құжаттарын жинап, жаңа қонысқа көшпек екен. Ал, жетімдерге бұл бақыт та бұйырмайын деп тұр.