Ал кейбір ақпарат көздерінде күдіктінің полицияға өзі барғаны айтылған. Сонымен бірге, қайтыс болған жігіт 33 жастағы спортшы Ғани Құрманов болса, оны атқан күдікті қылмыс әлемінде «жабайы Арман» лақап аты бар Арман Жұмагелдиевтің досы Дәуір Тәукеев болуы мүмкін деген нұсқа бар. «Время» газетінің хабарлауынша, жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түскен 35 жастағы Нұрғали Мырзабаев қылмыс әлемінің тағы бір «серкесі» Соқыр Даулеттің (Нұрдаулет Мырзабаевтың) ұлы екен. Ендеше бұл қақтығыс кездейсоқ емес секілді. Әрине, тергеу амалдары бітпей мәселенің мән-жайын толық біле алмаймыз. Дегенмен елдің аузына қақпақ бола алмайсыз...
Сонымен «жабайы Арман» кім? Иә, ол өзін қылмыс әлемінде осыдан оншақты жыл бұрын танытқан. Президент сайлауы қарсаңында Шымкенттегі «Турист» қонақ үйінде «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының жиынына баса-көктеп кірген ол қозғалыс жетекшілеріне шабуыл жасайды. Осы бұзақылық әрекеті үшін ұсталып, түрмеге түседі.
Бір кездері осындай қылмыстық оқиғалардың бел ортасында жүрген Арман Жұмагелдиев соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы елдің ыстық ықыласына бөленіп, танымалдығы арта түскен еді. Бәрінен бұрын пандемия уақытында дәрі-дәрмекке мұқтаж жандарға көмек берді. Бүгінде Түркия мемлекетінде тұратын ол коронавирус жұқтыру жағдайының нағыз күйіп тұрған шағында шетелден дәрі-дәрмек жеткізіп, әлеуметтік желі арқылы отандастарына «кім мұқтаж болса, осы жігіттерге хабарлассын» деп Қазақстанда тұратын бірнеше өкілінің телефон нөмірін де қалдырды. Кейбір ақпарат көздері осынау өкілдерінің арасында жоғарыда атап өткен Дәуір Тәукеев те бар екенін айтады. Оған Тәукеевтің медициналық аппараттарды тарату кезінде түскен бейнесюжеттері дәлел бола алады.
Түркияда тұрғанымен, Отанын алыстан бақылап отыратын «жабайы Арман» Қордай оқиғасы кезінде де үнсіз қалған жоқ: Қазақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі бірін-бірі құрметтеуі тиіс деп үн қатты. Сонымен қатар өзінің тамырлап кеткен таныстары арқылы Молдавия түрмесінен қазақстандықтардың ақшасын жымқырып қашып жүрген «Грант Ломбард 24» ЖШС-нің иесі Аслан Мырзабековті де тауып алады. Оған «Құтылып кетемін деп ойлама. Сені Молдавадан да таптық, жердің түбіне кетсең де тауып аламыз», – деп видеоға түсіреді.
Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы