Отставкалар аптасы
Отставкалар аптасы
124
оқылды

Бұл апта алты құрлықтағы қызу әрі күтпеген отставка­ларға толы болды. 9 қыркүйек дүйсенбіде отставкалар кө­шін Бри­тания төменгі парла­мен­тінің спикері Джон Беркоу бас­таса, 10 қыркүйекте Қы­тай­дың Alibaba компания­сы­ның негізін қалаған әрі бас директоры Джек Ма отстав­ка­ға кететінін, тіпті мұндай жоспарды бұдан бірнеше он жылдық бұрын құрғанын хабар­лады. Дәл сол күні мұ­хиттың арғы бетінде жаһан күт­пе­ген тағы бір отставка бол­ды. Бір-ақ туитімен дол­лар­дың тағ­ды­рын ше­шетін Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзінің қауіп­­сіздік бойын­ша кеңесшісі Джон Бол­­тонды қызметінен бо­­сатты. Бұл ақ­парат тара­ған­нан кейін АҚШ-та мұнай баға­мы құл­дырады.

ӘЙЕЛІНЕ БЕРГЕН УӘДЕСІНДЕ ТҰРЫП, ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

9 қыркүйекте Британия төмен­гі палатасының спикері Джон Бер­­коу отставкаға кететінін хабар­ла­ды. Мұның себебін 56 жастағы сая­­саткер 2017 жылы әйеліне бер­­ген уәдесімен байланыстырды. Оның сөзінше, 2017 жылы ол жа­ры­­­на сайлауға соңғы рет түсе­мін деп уәде беріпті. Беркоу Парла­мент мүшесі болып алғаш рет 1997 жы­лы сайланған. 2009 жылдан бастап парламент спикері атанды. Өзінің эмоциясын еш уақытта жасырып қалмайтын саясаткер бұл жолы да өз әдетінен таңбады. Қоштасу сөзінде көзіне бірнеше рет жас үйірілді. Беркоу ресми түр­де қызметтен 31 қазанда кетеді.

 

ДЖЕК МА КЕТТІ – ALİBABA-ның ЕРТЕҢІ ҚАЛАЙ?

Bloomberg агенттігі 10 қыр­күйек­те өзінің 55 жасқа толған күні Alibaba Group негізін қала­ған Джек Ма директорлар кеңе­сі­нің төрағасы лауазымын тәрк ететінін еске салды. Ақиқатында, 10 қыркүйекте әлемге әйгілі ком­па­ния басшысы қызметінен кетті. Джек Маның сөзінше, қыз­мет­тен кетуді ол осыдан бірнеше жыл бұрын ойластырған. Бұл бағытта алғашқы қадамды 2013 жылы жасап, бас директор қызметінен кетті. Өзінің отставкаға кететінін Джек Ма 2018 жылы жариялаған еді. «Alibaba еш уақытта Джек Ма­ның компаниясы болған емес, бі­­р­ақ Джек Ма қашан да Alibaba-ға тиесілі», – деген еді бизнесмен.

Енді Alibaba Group-тың ди­рек­торлар кеңесінің төраға­сы лауазымын бұған дейін ком­па­нияның бас директоры бол­ған Дэниэл Чжан атқарады. Маның өзі 2020 жылға дейін ком­па­ния­­ға акционер жинағанша ди­рек­торлар кеңесі құрамында қала­ды. Дегенмен Alibaba-ның түйіні шешілмеген мәселелері де жоқ емес. Reuters ақпарына сәй­кес, 2019 жылдың ІІ жартысы бойын­ша қытай экономикасының бәсеңдеуі 6,2 пайыз минимумдық көрсеткішке жеткен. Бұдан да өзге күн тәртібінде тұрған жайттар бар. Жаңадан келген басшы Дэниэл Чжанға мәселенің шешімін табуға тура келеді.


Енді Alibaba Group-тың ди­рек­торлар кеңесінің төраға­сы лауазымын бұған дейін ком­па­нияның бас директоры бол­ған Дэниэл Чжан атқарады. Маның өзі 2020 жылға дейін ком­па­ния­­ға акционер жинағанша ди­рек­торлар кеңесі құрамында қала­ды.


 

ТАБЫССЫЗ ТҮЙІН – БОЛТОННЫҢ САЯСИ МАНСАБЫ 
СӘТСІЗ ТАМАМДАЛДЫ МА?

10 қыркүйек сейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші Джон Болтонды отставкаға жі­бер­ді. Трамп өзінің Twitter-де­гі жазбасында Болтонның енді «Ақ үйге қажет емесін», оның «көп пікірімен президент әкім­ші­лігі құрамындағылармен бірі­ге отырып келіспейтінін» жаз­ды. Трамптың айтуынша, ол Бол­тон­ға отставкаға кету туралы ұсыныс айтқан, Болтон болса, та­ңертең отставкаға берген. Қан­ша дегенмен, экс кеңесші ат­қарған қызмет президент әкім­­шілігіндегі ең маңызды ла­уа­­зымның бірі еді. Ол АҚШ сая­сатында ықпалды тұлғаның бірі болғаны да жасырын емес. Рейган мен үлкен Буш тұсында Әділет министрлігі мен Мем­лекеттік департаментте маңыз­ды лауазымдарда болды. Трамптың әкімшілік құрамасына келгенде де іске білек сыбана кірісті. Бірақ оның саяси мансабы құлдыраусыз болмады. Венесуэладағы жағдай, Ауғанстан, Сирия, Украина жайын шешудегі қауқарсыздық – мұның бәрі Болтонның қызметінен кетуіне ықпал етті. Ақ үй басшысы алдағы аптада өзінің қауіпсіздік бойынша кеңесшісін жариялайды. Енді сөз – Трампта.


ЖАПОНИЯ мен КАНАДАДА ЖАҢА ҚҰРАМ 

11 қыркүйекте Жапония үкіметі отс­тавкаға кетті. Сол күні Канада пре­мьері Трюдо парламентті та­­ратты. Жапонияда үкіметтің отс­­­тавкаға кетуіне басты себеп – партияның Жоғарғы палатада шіл­деде өткен сайлаулардан кейін жеңіске жетуі және қазанда тұ­тынушы салығын 10 пайызға көтеру жайы болды. Ал Канадада осымен 43-ші рет Парламент сайлауы өтеді.