Коронавирусқа шалдыққан 308 адамның халі нашар
Коронавирусқа шалдыққан 308 адамның халі нашар
Фото: Интернеттен алынды
Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай әр тәуліктегі ахуал туралы ақпаратты күн сайын үнемі жариялап отырады.