Қарусыз соғыс
Қарусыз соғыс
182
оқылды

Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер алда өтетін Парламент сайлауында өз партиясы жеңіп шығатын болса, Иорданиямен шекаралас жатқан жартылай оккупацияланған Иордан өзенінің Батыс жағалауын аннексиялайтынын ха­барлады. Үкімет басшысы Иорданның Батыс жағалауын иемдену үшін өзіне израиль­дік­тердің дауыс беріп, қолдағаны маңызды екенін қадап айтты. Ақыр соңында Израильдің нақты шекарасын анықтау үшін белгілі бір тұжырымның да қажет екенін жа­сырмады.

«Алты күндік соғыс»

Израиль мен Палестина ара­сындағы қақтығыстың тари­хы ХХ ғасырдан бастала­ды. Алайда ең ірісі 1967 жылы Израиль Па­­лес­тинаға тиесілі Иордан өзе­­нінің Батыс жағалауын, Шы­ғыс Иерусалимді, Газа мен Голан жотасын оккупациялаған еді. Ал 1980 жылы Израиль Шы­­­ғыс Иерусалимге, 1981 жы­лы Голан жоталарына ан­нек­­сиялады. Дегенмен көп мем­­лекет аталған аймақтарды әлі күнге дейін Израиль аумағы деп мойындамайды.

Иордан өзенінің Батыс жа­ға­лауы сол тұстан бері Па­лес­­тина мен Израильдің жаға жыртысуына себеп болып ке­ле жатыр. Батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимге Из­раи­­ль үкіметі шамамен 140 ел­дімекенді көшіріп қой­ған, бұл халықаралық құқық тұр­­­ғысынан заңсыз деп қа­рал­­­ғанымен, Израиль мұны мо­­йындамады. Бұл елді­ме­кен­дер­де қазіргі уақытта 600 мыңға жуық еврей тұрады. Алайда палестиналықтар еврейлерді бұл аймақтан кетуі керек деп есептейді.

 

Араб елдері не дейді?

Араб елдері Нетаньяхудың сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Батыс жағалауының бір бөлігі саналатын Иордан өзенін, Иордан жотасы мен Өлі теңіздің солтүстігін аннек­сия­лаймын деген мәлімдемесін сынады. Иә, Нетаньяху бұған дейін де Израиль қауіпсіздік мақ­са­тын­да Иорданиядан кетпей­тін­дерін құлаққағыс етіп жүрді, бірақ «аннексия» сөзін осы жолы алғаш рет қолданды. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы.

Араб мемлекеттері Лига­сы Израиль премьерінің мәлім­де­месін «жағдайды ушықтыруға апа­ратын басқыншылық» деп атады. Ұйымның ресми жа­­уа­­бы мынадай – «АМЛ (Араб мемлекеттері Лигасы) Из­­раиль премьерінің мә­лім­­демесін Израильдің Палес­ти­наға жаса­ған кезекті басқын­шы­лы­ғы деп қарайды және бұл халықаралық заң құқығын белден басу».

Өзге де араб елдері үнсіз қала алмады. Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастық ұйы­мы құрамына енетін 57 мем­­­­лекеттің сыртқы істер ми­нистрлерінің шұғыл жиы­нын өткізуге шақырды. Сирия мен Қатар да премьердің ұста­нымымен келіспейді.

 

Араб мемлекеттері Лига­сы Израиль премьерінің мәлім­де­месін «жағдайды ушықтыруға апа­ратын басқыншылық» деп атады. Ұйымның ресми жа­­уа­­бы мынадай – «АМЛ (Араб мемлекеттері Лигасы) Из­­раи­ль премьерінің мә­лім­­демесін Израильдің Палес­ти­наға жаса­ған кезекті басқын­шы­лы­ғы деп қарайды және бұл халықаралық заң құқығын белден басу». 


Батыс сынады

Израиль премьерінің Ба­тыс жағалауын аннексиялау әре­кетін Еуроодақ сынға ал­ды. ЕО өкілі Брюссель 1967 жыл­­ғы қос мемлекеттің шека­ра­­сында болған бірде-бір өзге­ріс­терді қабылдамайтынын және Палестина аумағында ел­дімекендердің бой көтеруі «бейбітшіліктің ертеңіне нұқ­сан келтіретінін» алға тарт­ты. Ал БҰҰ Израиль мұн­дай қадамға баратын болса, ха­лық­аралық құқықты сорақы бұ­затынын алға тартты. Ұйым израильдіктер мен па­лес­­­тин­дік­тер кикілжіңді шешу­де БҰҰ-ның қарарына сүйен­ген­дері жөн екенін атап өтті.

 

«Ғасыр мәмілесі» немесе Трамптың асқақ мұраты

17 қыркүйек Израильде жа­л­пыхалықтық сайлау өте­ді. Нетаньяху – «Ликуд» пар­тия­сы­ның төрағасы. «Ликудқа» «Кахоль-лаван» саяси альянсы қарсылас саналады.

Нетаньяхудың сайлауалды қолға алған шараларының бі­рі Дональд Трамппен «Ға­сыр мәмілесі» болып отыр. Бұл – израильдіктер мен па­лестиндіктерді қайта та­ту­лас­тыру жоспары. Аталған жоспар сай­лау аяқталған бірнеше күн­нен кейін жарияланады. Де­ген­мен Палестина тарапы мұ­ның ақиқаттығына сенбейді. АҚШ Израильдің шашбауын көтереді деген күдіктерін де жасырмады.

Атап өтерлігі «Ғасыр мәмі­лесін» жасақтауға Дональд Трамп­тың аға кеңесшісі және күйеубаласы Джаред Куш­нердің де қатысы бар. Жос­пар жасалғаннан бері Кушнер мәмілеге өзінше атсалысты. Бірқатар сарапшылар Трамп пен күйеубаласының мәмі­ле­ге ерекше бейілдік таны­туын АҚШ-қа одақтас тарту­ға жаңадан жол ашумен бай­­­­ланыстырады. Трамп, әл­бетте, араб әлемінде өздерінің се­німді серіктері саналатын Израиль, Сауд Арабиясына иек артпақ.

Мәміленің құны – 50 млрд дол­лар. Бұл қаражат палес­ти­налықтарға экономикалық қол­дау ретінде бөлінбек. Де­ген­мен Палестина Вашинг­тон­ның ұлы арманына балта ша­уып, Ақ үйдің екі жылғы ең­бе­гінің күлін көкке шығарды. Бұған дейін де АҚШ-тың Израильмен одақтастығын, тіпті Палестинаға тиесілі Голан жоталарын Израильдің жаулап алуын мойындағынан есепке алсақ, Палестинаның жағдайы тіптен ауырлап барады. Ал АҚШ Израильдің бұл шешіміне қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Дегенмен сайлау алдында кез келген саясаткер жеңіс тұ­­­ғы­рынан көріну үшін түр­лі мә­лімдеме жасайтыны жа­сы­­рын емес. Б.Нетаньяху да бұл әдістен бас тартпайды. Кей­де саясаткерлердің мұндай мәлімдемелері даңғазалық болып шығуы да әбден мүмкін. Ал кейде керісінше берген уә­де­лерін орындап жатады. Егер Нетаньяху шынымен осы ние­ті­нен таймаса, онда ха­лықа­­ралық саясатта дауылды күн алыс емес.