Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымқа шығару Ата заңның 25 жылдығына орайластырылған. «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар. Жоғары жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазба бар. Айналдыра «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA» және «25 JYL» деген жазбалар бар.
Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі
[caption id="attachment_67318" align="aligncenter" width="797"]Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі
[caption id="attachment_67320" align="aligncenter" width="670"]