Ескі тарихқа жаңа көзқарас
Ескі тарихқа жаңа көзқарас

Праганың аудан билігі Кеңес Одағының батыры, мар­шал Иван Коневтің ескерткішін алып тастап, музейге қоймақ. Аудан басшысы күні кеше ес­керт­кішті музейдегі ла­йықты орынға ауыс­ты­ру­ды көпшіліктің қол­да­ға­нын алға тартып, Праганы 1945 жылы басқыншы­лар­дан азат еткен өзге ба­тыр тұлғаларға мону­мент ор­нату үшін орын қажетін мәлім етті.

Бұл жағдайға Чехия президенті үнсіз қала алмады. Милош Земан Прагадағы аудан басшыларының шешімін сынға алып, мұның Чехия үшін жаға ұстатар ұят жайт екенін қадап айтты. «Конев – Праганы жаудан азат етіп, жер құшқан жауынгерлердің көзіндей. Жан қиғандар шамамен 13 мың болған. Чехославакияны да азат етудің символы, онда қаза тапқан­дардың саны шамамен 150 мың боздақ еді», – деді Чехия прези­денті.

Ескерткіш бұған дейін бірнеше рет шабуылға ұшыраған еді. Мәселен, 2018 жылы әлдекімдер оны алқызыл бояумен бояп кетсе, 2017 жылы монументке жазба қал­дыр­ған. Ал осы жылдың тамы­зын­да ескерткіштің тұсына балағат сөздер жазған.

Өз кезегінде Ресейдің Чехия­дағы елшілігі ескерткішті алып тас­тауға қарсылық танытты. Елші­лік аудан билігін бұған дейін де Қызыл әскерді балағаттады деп айыптап, бұл жайт үшін де солар­дың жауапты екенін айтты.

Маршал Коневке ескерткіш Прагада 1980 жылы орнатылған еді. Қала тұрғындары ескерткішті алып тастауға қатысты референдум өткізу қажет деген пікірде.

Ескі тарихқа жаңа көзқарас тек Чехияда ғана емес, Украинада да қылаң берді. Мәселен, Харьковта 2 шілдеде Ұлттық корпус өкілдері Кеңес Одағының батыры, «Жеңіс маршалы» Георгий Жуковтың ескерткішін алып тастады. БАҚ-та бірнеше ұлтшыл «Іске сен» саяси пар­тиясының Харьковтағы оқу­шылар сарайында өтіп жатқан съезі­не қарсылық танытып, сарай­дың маңына жақын орналасқан Жуковтың ескерткішіне қарай бағыт алған. Қарсылық таныту­шы­лар ескерткішке өрмелеп шығып, жіп байлап, оны жерге сұлатып түсірген. Полиция қызметкерлері оларды тоқтатпақ болғанмен, кейіннен аяқ тартқан. Мүсіннің орнына наразылар Украина туын орнатқан.


Ескерткішке қатысты дау тек посткеңестік мемлекеттерде ғана болмайды. 2017 жылы АҚШ-тың Балтимор қаласында конфедера­тор­ларға арналған ескерткіштер алынып тасталды. Дәл сол жылы 12 қыркүйекте Даллас қаласында Конфедерация әскерінің генералы болған Роберт Лидің ескерткіші құлатылды. 


2017 жылы Киевте Ленинге орна­тылған соңғы ескерткіш алы­нып тасталған еді. Бұған дейін де Украинада Кеңес Одағы батырлары деп танылғандардың ескерткішін ұлтшылдар ешқандай билікпен келіспей, сұлатып тастаған. Мәсе­лен, 2014 жылы Харьковтағы бас алаңда Лениннің ескерткіші құла­тылды.

Ескерткішке қатысты дау тек посткеңестік мемлекеттерде ғана болмайды. 2017 жылы АҚШ-тың Балтимор қаласында конфедера­тор­ларға арналған ескерткіштер алынып тасталды. Дәл сол жылы 12 қыркүйекте Даллас қаласында Конфедерация әскерінің генералы болған Роберт Лидің ескерткіші құлатылды. 1861-1865 жылдары АҚШ-тың оңтүстігін құл ие­лену­шілікті қолдаған конфеде­ра­торлар мекендеді. Солтүстік тарап кон­феде­раторлардың бұл ұстанымын қолдамай, нәтижесінде қақтығыс болады. Қақтығыста АҚШ-тың оңтүстік бөлігі жеңіліс тапты. Әлі күнге дейін АҚШ-та бұл ескерт­кіштер нәсілшілдікті білдіреді деген дау-дамай өрбуде. Генерал Лиге орнатылған ескерткіштің алып тасталуына да осы тарихи оқиға себеп болды.

Өткен тарихқа деген жаңа көз­қарас қазір әлемнің әр түкпірінде бар. Даму бағыты да әрқалай. Әл­бетте, мұндай жағдайда нақты шешім шығады деу қиын. Өйткені адам көп – пікір сан қилы.