Бәсеке болса, бәрі болады
Бәсеке болса, бәрі болады
5,173
оқылды

Францияда әтір баға­сы­­на алаңдамайсыз. Өйт­кені ол жақ­та иіссу им­пе­рия­сы бар. Ко­фе Эфиопия, шай Үндістан план­тация­ла­рында өскен­дік­тен, атал­ған елдерде арзан. Қа­­­зақ­стан­да сүт өнімдерін дайындайтын бірді-екілі за­уыт бар. Біз бол­сақ, ба­ға­ның қым­бат екеніне ша­ғым­да­на­мыз. Бұл киім-ке­шекке де қа­тысты. Шешім – өндіріс­те.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында «Үкі­мет баға бел­гілеу және тарифтер мәсе­ле­­сімен жүйелі әрі нақты ай­на­лысуы керек. Бұл табиғи мо­но­полистердің тауарларына да, көрсететін қызметтеріне де қа­тысты. Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап түр­лі қызметке дейін бағаның жо­ғары екені жасырын емес» деп дәйек­теме келтірді. Биылғы азық-түлік бағасы мен киім-кешек жайын біз де шолып шықтық.

Ұлттық экономика министр­лігі Статистика комитеті 2019 жы­­­лы азық-түлік бағасының 2018 жылмен салыстырғанда, 9 пайыз­ға өскенін мәлімдеді. Бұл – тамыз айын­дағы мәлімет. Нан өнімдері мен жарма, ет, балық және те­ңіз өнімдері қым­­­­баттаған. Сүт өнім­­дері, жұ­мырт­­қа, май және тоңмай ба­­ғасы өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда жоғары. Көкөніс, қант, кондитерлік өнімдер мен алкоголь­ді-алкогольсіз сусын ба­ға­сы өскен. Ал жаңа жиналған жеміс бағасы арзандаған.

Жарма өнімдерінің бағасы әр­түрлі. 2019 жылы тамызда кү­ріш бағасы – 374 теңге. 2018 жы­лы тамызда 306 теңге болған. Қа­ра­құмық жармасы 2019 жылы та­мызда 241 теңге болса, 2018 жы­­лы тамыздағы бағасы – 255 тең­ге.

Құмшекердің бағасы өткен жыл­ға қарағанда, 10 теңгеге қым­­баттаған. 2018 жылы тамыз­да ке­лі­сіне 223 теңге, биыл 233 теңге тө­­­ледік.

Ет жегенді бәріміз жақсы кө­ре­міз. Биыл ет сатып алу тұр­ғын­­дардың қалтасына салмақ са­л­ған секілді. Өйткені баға өткен жылдан 200 теңгеге өскен. Тіпті, тауық етіне де 149 теңге қосылған. 2019 жылы тамызда сиырдың жауы­рын мен төс етіне орташа баға 1 713 теңге болса, 2018 жы­лы тамызда –1 506 теңге. 2019 жы­лы қой еті келісіне 1 648 теңге, 2018 жылы 1 433 теңге төледік. Жылқы еті 2019 жылы тамызда 1 933 тең­ге болса, 2018 жылы – 1 695 теңге. Биыл шала ысталған шұ­­жыққа 2 109 теңге төлесек, 2018 жылы 1 928 теңге бердік. Тауық­тың сан еті биыл 812 теңге бол­са, өткен жылы 663 теңге тұр­ған.

Бағаға зерттеу жүргізу елі­міз­дегі ірі қалалардың тамақ өнім­дері базасындағы тіркеу бойынша жүргізілген. Жоғары баға көрсеткіші Нұр-Сұлтан мен Ақтау қаласында тір­кел­ген. Төмен бағаны Шым­кент, Петропавл, Тараз бен Талды­қор­ғанда кезіктіресіз. Мұның бәрі азық-түлікке қатысты. Мысалы, тұздың орташа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 2 теңгеге қымбаттаған. Нұр-Сұл­­­тандықтар мен алматы­лық­тар (59 тг) тұзды қымбатқа са­тып алса, арзан баға – Ақ­тө­бе мен Оралда (40 тг). Күн­­бағыс майының литрін қара­ғандылықтар төмен баға­мен алған (380 тг), Ақтау тұрғын­дары 488 теңге төлеген. Жеміс-жидек­тер­ге келсек, алма ар­зан­­дап, ба­нан қымбаттаған. Алманың келісі 2018 жылы тамыз­да 430 теңге болса, 2019 жылы 378 теңгеге ар­зандаған. Биыл банан келісіне 547 тең­ге, өткен жылы 455 теңге бер­дік. Ақтаулықтар келісін 620 тең­геден сатып алған.

Киім-кешекке келсек, отан­дық өнімді қолдауды ен­ді үйреніп жүрміз. Астана теле­ар­насының мәліметінше, 2018 жылы еліміз 34,5 мың тонна киім импорттаған. Импорт құны 512,3 млн долларға түскен. Соның ішінде саудагерлер Өзбекстаннан 18,4 млн долларға 10,1 тонна киім әкелген. Мұның бәрі біздегі өндірістік ақсап тұр­ғанын аңғартады. Өндіріс ақсаса, еңбек өнімділігі жайлы сөз қозғау артық. Сондықтан да Президент Жолдауында «Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз ке­рек» деп нақты тапсырма берді.   

Елбасының 2018 жылғы Жол­дауын іске асыру аясында 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жө­нін­де жол картасы әзірленді. 2019 жы­лы жалпы инвестиция со­масы 5 млрд теңге тұратын 4 жо­­ба іске асып жатыр. 849 жұ­­мыс орны ашылды. Кілем бұйым­да­рын шығаратын цех, жіп иіріп, жей­де өндіретін же­лі нарыққа қо­сылды. Енді нәти­же­сін күту ке­рек.

Қазақстанда киім өндірісі 2018 жылға қарағанда 18 па­йыз­­ға өскен. Елімізде киім өн­­­діру бөлінісі мынадай: Ал­ма­­ты об­лы­сында – 22,4%, Алма­­тыда – 15,1%, Қарағанды об­­лы­­сын­да – 11,2%. Еліміздегі ірі киім өндіруші Glasman, «КазЛег­Пром», Temirtau Associa­tes and Ancillaries аталған үш өңірге тиесілі. Киім өндірісі өскенімен, сырт киім өндірісі мәз емес. Әйелдер сырт киімі 25,6, ерлердікі 23,8 пайызға қыс­қар­ған.

Дегенмен ел тұрғындарының отандық өнімге аңсары ауып келеді. Сағат пен сөмкеден бас­­тадық, келе-келе сырт киі­мі­мізде «Қазақстанда жасалған» деп тұрар. Отандық өнім көбеюі үшін бәсеке, бәсеке үшін жеңіл өнеркәсіп дамығаны жөн.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ