Жастар денсаулығын жақсартуға үлес қоспақ
Жастар денсаулығын жақсартуға үлес қоспақ
196
оқылды
  Ол 2007 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келеді. 2003 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетін бітіріп, еңбек жолын Педиатрия мен балалар хирургиясы зерттеу орталығында бастады. 8 жыл бойы осы мекеменің әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2015 жылдан бері алғашқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінде басқарушы қызметтерде еңбек жолын жалғастырып келеді. – Праймеризге қатысудағы басты мақсатым – денсаулық сақтау саласының дамуына, әсіресе жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайтуға өз үлесімді қосу. Жастарды салауатты өмір салтына шақыру. Менің ұраным – Қазақстанның мәртебесін ең сау мемлекет ретінде көтеру. Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы, – дейді Айгүл Асенқызы. – Праймеризге қатысу маған жастардың денсаулығын сақтау және нығайтуға себепкер болу үшін тереңінен жұмыс істеуге көптеген мүмкіндік береді. Әрбір адам жарқын, күш-қуаты мол өмір сүргісі келеді. Дені сау адам ғана өз әлеуметтік міндеттерін сапалы атқара алады. Қоғамның дамуы халықтың денсаулығын жақсарту және сақтаусыз мүмкін емес. Денсаулық сақтау саласында 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол жауапкершілік принципі, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану қашан да маңызды екенін айтады. Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттік саясат негізінде жатыр. Халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздік факторы. Оны қорғау үшін нормативтік құқықтық актілер қабылданған, жыл сайын мемлекеттік профилактикалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жоғарыда айтылған бағыттар үміткердің сайлауға дейінгі бағдарламасының негізгі басымдығы. – Өкінішке қарай қазіргі таңда салауатты өмір салты көптеген жастар үшін қалыпты емес, денсаулыққа құндылыққа қараған секілді көзқарас қалыптаспаған. Жастардың денсаулығына қатысты барлық сұрақтар, әсіресе зиянды әдеттердің (алкогольді ішімдік, темекі қолдану, есірткі қабылдау) қаншалықты зиянды екенін дебаттарда көтеретін боламын, – дейді ол. Айгүл Асенқызы жоғары кәсібилігімен ерекшеленіп, «Денсаулық сақтау үздігі» мәртебелі атағына ие болған білікті маман.