Диана Сидорина қазақ тілінің мәртебесін көтеруге күш салады
Диана Сидорина қазақ тілінің мәртебесін көтеруге күш салады
5,130
оқылды
Диана Кентау қаласындағы балабақшада мұғалім болып жұмыс істейді. Білікті педагог, жас маман «Nur Otan» партиясының праймеризіне өтініш тапсырып, тіркелді. Туған жердің гүлденуіне үлес қосқысы келетін патриот қыз қазақ тілінің мәртебесін көтеруді өз міндеті деп санайды. «Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер байқалып жатыр. Партияның праймеризі  – барынша беделді, белсенді және жарқын тұлғаларды анықтауға,  әсіресе, жастарға зор мүмкіндік. Мен Сидорина Диана Вячеславқызы, ұлтым бөлек болғанымен, жаным — қазақ». Бұл додада бақ сынауымның басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Тілі мен ділін ұмытқан ұлттың да болашағы бұлыңғыр екені келешек жастарға ұғындыру. Тіліміздің өркендеуі үшін әрбір қазақстандық азамат, әр қазақ үлес қосуы тиіс. Елдің егемендігін танытатын туған тіл болашақта толық күшіне енетініне, оны тек қазақ жастары ғана емес, байтақ даламыздағы барлық этнос өкілдері меңгеретініне сенімдімін. Келешек ұрпақты тәрбилеу жолында өзім барынша қазақ тілінде сөйлеп, ойымды ашық жеткізуге тырысамын. Праймериз – мен үшін зор мүмкіндік. Осы мүмкіндікті қолдан жібермей, қатысқалы отырмын. Мақсатым да, жоспарларым да көп», – дейді Диана Сидорина.