Филиппин басшысы пара сұраған шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Филиппин басшысы пара сұраған шенеуніктерді атуға рұқсат берді

Филиппин басшысы Родриго Дутерте азаматтарға пара сұраған шенеуніктердің аяғынан атуға рұқсат берді. Бұл туралы Manila Bulletin агенттігі хабарлайды.

«Егер сіздер салық, жинақтама, кеден салығын т.б төлейтін болсаңыздар, бірақ бұл ақымақтар (шенеуніктер-ред) пара сұраса, жұдырық жұмсаңыздар. Егер қолда қаруларыңыз болса, атуларыңызға да болады, бірақ өлтіріп қоймаңыздар. Әйтпесе, сотталып кетесіз», - деді ел басшысы.

Дегенмен, шенеуніктің аяғынан атқандарға жаза қолданылады, бірақ бас бостандығынан айырылмайды.

Дутерте бірнеше рет құқық қорғау органдары тарапынан сынға іліккен еді. Ол тек сотталғандарға ғана емес, істі болған бірақ қылмысы дәлелденбегендерге де қатыгездікпен қарап, қатаң шаралар қолданған.

Филиппин президенті лауазымына Дуерте 2016 жылы тағайындалды. Аты шулы ел басшысы сол тұста БҰҰ шығып, Қытаймен одақтас боламын деп сес көрсеткен еді. Кейіннен сол тұстағы АҚШ президенті болған Барак Обаманы тілдеп, ақыр соңында Құрама Штаттармен қатынасқа селкеу түсірді.