Трамптың сүйікті диктаторы кім?
Трамптың сүйікті диктаторы кім?
109
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Мысыр басшысы Әбдел Фаттах ас-Сисисді «сүйікті диктаторым» деп атады.

The Wall Street Journal таратқан ақпарға сәйкес, Биаррицте өткен алпауыт жетіліктің саммитінде Трамп ас-Сисимен кездесуі керек еді, бірақ ол кешіккен. «Менің сүйікті диктаторым қайда?» деп әзілдесе сұраған Трамп, тіпті дауысын америкалық және мысырлық шенеуніктер есту үшін қаттырақ шығарған. Бірнеше шенеунік Ақ үй басшысының сұрағын естігендерін растаған.

30 маусымда Трамп Жапониядағы Осака қаласында G20 саммитінде диктаторлармен кездескенін айтқан. Оңтүстік Кореяда сөйлеген сөзінде Құрама Штаттар басшысы «Мен әр лидермен, президент, премьер, диктаторлармен кездестім», - деген ол. Алайда олардың есімдерін атаудан бас тартқан.

2018 жылдың қаңтарында Трамп алғаш рет Конгреске жолдау жасады, осы үшін өз-өзіне 6 минут қол соққан еді. Сонда әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ президентін Италья президенті (диктатор есебінде) Бенито Муссолинимен салыстырды.