Алматы облысында қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген жігіт ұсталды
Алматы облысында қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген жігіт ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
122
оқылды
Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол 20 тамыз күні жол бойындағы бойжеткенге себепсіз шабуыл жасаған. Оны қылқындырып, арықтағы суға батырған, одан кейін өртеп жіберген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Айта кетейік, 21 тамыз күні сағат 16.00-де Еңбекшіқазақ ауданы Өрнек ауылының маңында 21 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Қыздың мәйітінде айуандықпен қинап өлтіру белгілері болған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру (99-бабы 1-бөлігіне) бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Жедел іздестіру нәтижесінде екі тәулік ішінде адам өліміне қатысты қылмыс әшкере болды. Кісі өлтірді деген күдікпен сол ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын кісі тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және қазір еш жерде жұмыс істемейтін күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі сипаттап берді», – дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.