Шымкенттегі көптен бері жөндеу көрмеген екі мектеп жаңа оқу жылына дайын  
Шымкенттегі көптен бері жөндеу көрмеген екі мектеп жаңа оқу жылына дайын   
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы түзету мектебі мен Сайрам ауданындағы  №92  орта мектепке жөндеу жұмыстары қажет екенін  айтып, ата-аналар хабарласқан болатын.  Осыдан кейін партия жанындағы  Отбасы, әйелдер мен балалар құқығын қорғау кеңесі әкімдікпен бірлесе отырып, аталған мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет деген шешімге келді. Өйткені мектептер көптен бері жөндеу көрмеген, санитарлық нормаларға да сай болмай шыққан. Ең өкініштісі, №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы түзету мектебінде ерекше қажеттілігі бар балаларға ешқандай жағдай жасалмапты. 2020 жылдың 11 мамырында ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ісі басталды. Қазір мектептің есік-терезелері мен едендері жаңартылды. Су құбыры және кәріз жүйесі қойылды. Енді балалар жаңа спорт алаңында ойнап, демала алады. Жөндеу жұмыстары биыл қыркүйекте аяқталмақ.  width= Күрделі өзгерісті қажет ететін тағы бір мекеме Сайрам ауданындағы  №92 орта мектеп болатын. Тексеру барысында аталған мектеп ішінде жылы судың жоқ екені және балалар қолын сыртқа барып (1 260  балаға  1 қол жуғыш) жуып жүргені белгілі болды.  Мұнымен қоса, спорт залдың төбесі апаттық жағдайда болған, асханасы санитарлық нормаларға сай келмейді ( асүйдің аумағы  –  6,75 м2)  және азық-түлікті сақтау талаптары орындалмаған.  width=
     «Бірігіп жұмыс істеуіміздің нәтижесінде қазір мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимаратты сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі және басқа да жұмыстарға 10,3 млн тенге бөлінді. Мектептің спорт залы жабық болатын.  Енді  № 92 орта мектеп оқушылары ештеңені уайымдамай, алаңсыз білім алатын болады. Осы жағдай бәрімізді қуантып отыр», – дейді Динара Закиева.
Дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесінде  ата-аналардың өтініші орындалды. Осылайша, жаңа оқу жылында  екі мектеп оқушылары да қолайлы жағдайда білім алады.