Джек Маның қоштасу кеші және оның болашаққа жолдаған 3 басты месседжі
Джек Маның қоштасу кеші және оның болашаққа жолдаған 3 басты месседжі
100
оқылды

«Alibaba Group-тың» директорлар кеңесінің төрағасы болған танымал қытайлық бизнесмен Джек Ма қызметінен кететіндіктен қоштасу кешін ұйымдастырды. Қоштасу кешінде бизнесмен тек ән айтып қана қоймай, болашаққа қатысты бірнеше месседж жолдады.

Ханчжоу қаласындағы стадионға 60 000 адам келді, қатарда Alibaba компаниясының қызметкерлері бар. Джек Ма сахнаға теріден жасалған күрте киіп, қолына сарғыш гитара ұстап шығып еді, бар зал ду қол шапалақ соқты. Кеш жүргізушілері сахнаға әуе шарымен ұшып қонды. Quartz  Джек Маның өзінің орнын басатын Дэниэл Чжоумен Джош Гробанның You Raise Me Up әнін орындағанын жазады.

Өзінің қоштасу сөзінде Ма көз жасын тыя алмады, алғаш рет бизнеске қалай келгенін, компанияның болашағын қалай көретіні туралы ойларымен бөлісті.

Бизнесмен қызметінен кету туралы шешімді кездейсоқ қабылдамағанын айтты. «Желіде қорыққаннан кетіп жатыр деген сыбыстар да өрубде. Бірақ олай емес. Біз Alibaba ешкімнен қорықпаймыз. Болашаққа қорқынышпен емес, құрметпен қараймыз», - деді ол.


Джек Ма жетістікке қол жеткізген компаниялардың тәжірбиесі туралы талай рет сұрап білгендерін алға тартты. «Біз ең негізгі екі жолдың барын ұқтық: бірінші – билікті компанияның негізін салғандардың мұрагерлеріне қалдыру, екінші – билікті кәсіби менеджерлерге беру. Алайда біз үшінші жолды таңдадық – өз компаниямызды дамыту, жетілдіру, осылайша қалыптасқан мәдениет пен жүйе арқылы биліктің ауысуы да жеңіл жүреді», - деді Ма. Джек Маның қоштасу кешінде айтқан әрі болашаққа жолдаған ең маңызды месседждері: - «Бүгін әлемде бәріне әсер етіп жатқан түбегейлі өзгерістер болуда. Ол қатарда жаһандану, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасының ушығуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы. Бірақ мұның бәрі – жаңа дәуірдің табан тіреп келе жатқанын білдіреді. Қазір біз сезініп жатқан қайғы мен түсінбестіктің бәрі меніңше уақытша ғана»; - «Болашақта технологияның тек үш маңызды міндеті болады – тұрақты даму, бәрін қамту және қоршаған ортаға пайдалы дүние жасау. Егер технология осыларды орындамаса, әлем дүрбелеңге толы болады»; - «Біздің ұрпақ тарихта ең жолы болған ұрпақ. Ол ұзақ уақыт бейбіт күнде ғұмыр кешіп келеді <…> әрі индустриалды дәуірдің жетістіктері. Алайда біз деректер маңызды рөл ойнайтын дәуірге аяқ басуымызға тура келді. Екі дәуірде тұрып қалдық, қалайша қорқыныш сезінбейміз?»; - «ХХІ ғасырда кім болып жұмыс істеме, қайда жұмыс істеме – мейірім ең басты күш. Көбі маған жолымның болғанын айтады, алайда Alibaba-да көп қателік жасады. Дегенмен, біз маңызды, дұрыс шешімдер де қабылдай білдік – себебі тек іскерлік тұрғыда ғана ойлаған жоқпыз. Соңғы 20 жылда біз қабылдаған шешімдердің басым көбі ақшамен байланысты болмады»; - «Бүгінде біз Қытай халқы өзімізге өте сенімдіміз. Алайда әлем бізге басқа көзбен қарайды. Олар Қытайдан, біздің қуатты технологияларымыз бен ірі компанияларымыздан сескенеді. Меніңше технологиялар адамға қорқыныш емес, пайда әкелуі тиіс. Alibaba алдағы уақытта жаһандану үрдісінен тыс қалмай, компанияға бар әлемде сауда жасауға жол ашады деген үмітім бар»; - Alibaba қызметкерлері мерекелік кештерді өте жақсы ұйымдастырады – мұны дәл біз сияқты кәсіби ұйымдастыратын компания жоқ. <...> Бұл жай ғана біздің құндылықтарымыздың жүйелі бөлігі – біз жақсы жұмыс істейміз және жақсы демаламыз».