Дәрігерлердің салғырттығынан бойжеткен тірідей жерге көміле жаздады
Дәрігерлердің салғырттығынан бойжеткен тірідей жерге көміле жаздады
Оқиға Американың Детройт қаласында болған. Жексенбі күні өз үйінде қайтыс болған 20 жастағы қызды туыстары жерлеу бюросына тапсырған. Ақ халаттылар бойжеткенді өлдіге санаған соң, сол күні кешке туыстары Таймиша Бошампты жер қойнына тапсырмақ болған, деп хабарлайды РЕН ТВ. Аяқ астынан есінен танған қызды дәрігерлер жарты сағат бойы құтқаруға тырысқанымен, одан нәтиже шықпаған. Оны өлдіге санап, сот медицина сарапшылары қыздың құжаттарын рәсімдеп, зорлық белгілерінің болмағанын анықтайды. «Марқұмның»  денесін алған туыстары оны асығыс жерлеуге кіріседі. Алайда, жерлеу бюросының қызметкерлері оның демалып жатқанын байқайды. Тіріліп кетекен қыздан қорыққан қызметкерлер бойжеткеннің туыстарына хабар берген.
«Егер ол көзін ашпағанда бальзамдалып кетер еді. Нағыз қайғылы жағдай сол кезде болар еді. Жерлеу бюросының адамдары сөмкені байқаусызда ашып қалғанда, Таймиштің көзін ашқанын көрген», - деді тілшілерге сұхбат берген қыздың отбасының адвокаты.
Дәрігерлердің салғырттығынан тірідей жерге көміле жаздаған қыз қазір ауруханада механикалық вентиляцияда жатыр.