12 қыркүйектен бастап Қазақстан-Египет арасында қатынайтын халықаралық рейстер ашылады
12 қыркүйектен бастап Қазақстан-Египет арасында қатынайтын халықаралық рейстер ашылады
135
оқылды
Ведомствоаралық комиссияның 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге қатынайтын халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қалпына келтірді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.  Сонымен мына бағытта рейстер ашылады:
  • БАӘ (11 рейс) - 17 тамыздан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
  • Германия (5 рейс) - 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);
  • - Беларусь (4 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
  • Украина (3 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Киев (3 рейс).
Египетке қатынайтын рейстер ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланып отыр. 27 тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Ұшулар Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындалады.