Ведомствоаралық комиссияның 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге қатынайтын халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қалпына келтірді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Сонымен мына бағытта рейстер ашылады:
- БАӘ (11 рейс) - 17 тамыздан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
- Германия (5 рейс) - 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);
- - Беларусь (4 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
- Украина (3 рейс) - 19 тамыздан бастап Алматы - Киев (3 рейс).