Алматыда 1,5 гектарға жайылған өрт сөндірілді
Алматыда 1,5 гектарға жайылған өрт сөндірілді
109
оқылды
Алматы қаласы Медеу ауданы Төле би көшесі мен шығыс айналма жолының қиылысында құрғақ шөптер өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
"25 тамыз күні 13 сағат 27 минутта Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында құрғақ шөптер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру есептері келгенде Төле би көшесінен төмен шығыс айналма жолының батыс жақ беткейінде құрғақ шөптер жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 1,5 гектарды қамтыды. Қатты соққан жел мен биік өскен шөптерден беткейдің жоғары жағында орналасқан жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады", - делінген хабарламада.
Қызыл жалын мен тұрғын үйлердің арақашықтығы 20 метрді құраған. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланып, 4 өрт оқпаны жіберіліп, жарылғыштар қолданылған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам, 9 бірлік техника және әкімдіктің 1 су тасымалдайтын авто көлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт толықтай жойылды. Жекелеген өрт ошақтарына су құю жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген хабарламада.