Дәрігерлер Анастасия Заворотнюктің қарқынды емін тоқтатты
Дәрігерлер Анастасия Заворотнюктің қарқынды емін тоқтатты
149
оқылды

Бұл шешім бүгін актрисаның жағдайы нашарлағаннан кейін қабылданды.

Бұған дейін Анастасия Польшадағы клиникадан шығарылды - одан әрі емдеу оған қарсы. Заворотнюк бірнеше клиникаларға барды, бірақ Мәскеудегі бір емхана оны қабылдауға келісті. Алайда, бүгін және сол жерде ол арнайы терапияны тоқтатты. Актриса ауруханада бақылауда қалады. 

Еске салсақ, Анастасия Заворотнюк "Моя прекрасная няня" сериалымен танылған актриса. Аруханаға екі апта бұрын түскен. Жағдайының нашарлағанына байланысты оны жансақтау бөліміне ауыстырған. Бұған дейін актрисаның ауыр сырқатына байланысты миы ісінгені айтылған. 

Ол күні бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сыртқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталды, соңғы уақытта Еуропада емделген болатын.