Оқушыларға планшет сыйлады
Оқушыларға планшет сыйлады
137
оқылды
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған аталған акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысып жатыр. Дәлірек айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Рүс­тем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібеков ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қа­шықтан оқуға қажетті құрылғы, яғни заманауи планшеттер алып берді. Қиын шақта балаларға қуаныш сыйлаған демеушілер қазіргі уақытта нағыз керек дүниені балалардың қолына өздері табыстап, жылы лебіздерін арнады.  

Әбілмансұр ЖАСАН