«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған аталған акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысып жатыр. Дәлірек айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібеков ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қашықтан оқуға қажетті құрылғы, яғни заманауи планшеттер алып берді. Қиын шақта балаларға қуаныш сыйлаған демеушілер қазіргі уақытта нағыз керек дүниені балалардың қолына өздері табыстап, жылы лебіздерін арнады.
Әбілмансұр ЖАСАН