Жолдауда қандай мәселелерге басымдық беріледі?

Жолдауда қандай мәселелерге басымдық беріледі?

Президент қызметінде алғаш­қы Жол­дауын Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйе­гінде жолдаған еді. Онда Үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы жүйе­сінің тиімділігін арттыру тап­сы­рылды. Ішкі істер министр­лігі саласын реформалау баста­масы көтеріліп, алдағы 3 жылда бұған 173 млрд теңге бөлінетіні жария болды. Сондай-ақ балалар мен әйел­дерге қарсы қылмыстар бойын­­­­ша жазаны күшейту баста­ма­сы қолға алынды. Бірқатар заң­­дарға тиісті өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді. Елді елең ет­кіз­ген бір мәселе – зейнетақы жина­ғының бір бөлігін зейнетке шық­қанға дейін пай­далануға мүм­кіндік беру бастамасы. Бірақ қа­зірше бұл мәселе әлі де тиянақ­талған жоқ. Алдыңғы Жолдауда 2024 жылға дейін мемлекеттік қыз­мет­керлер мен ұлттық ком­па­ния жұ­­мыс­шы­ларының саны 25 пайызға дейін қысқартылып, үнемделген ақша­ны пайдалы қыз­­мет­керлердің іс­кер­­лігін арт­­­­тыру үшін жұмса­латыны айтыл­ды. Сот-құқықтық жүйе­­ге де терең рефор­малардың ен­­гі­зілу мүмкіндігі сөз болды. Жем­­қор­лық қылмыс болған ме­ке­ме­лердегі бірінші басшы­лардың жауап­кершілігін заңи тұрғыдан бекіту бастамасы кө­те­рілді. Ал биылғы Жолдауда қандай мәселелерге басымдық беріледі? Әрине, әлемді шарпыған пан­демия салдарынан ұлттық эконо­микаға да салмақ түсіп, елдің әл-ауқаты төмендеп, корона­дағ­дарыстың салдары бизнес, ден­саулық, білім салаларына кері ық­палын тигізгені анық. Сол се­бептен экономикалық дағда­рысты еңсерумен қатар әлеу­меттің әлеуетін көтеру мәсе­ле­лерінің көтерілетінін ішіміз се­­зеді. Ал сарапшылар алдағы Жол­­даудан не күтеді?   Айдос САРЫМ, саясаттанушы: – Менің ойымша, осы жолғы Жолдау әлеуметтік-эконо­ми­калық мәсе­лелерге арналады. Басты мәсе­ле – әлеуметтік қор­ғау. Әсіресе, дағ­­­да­рыс кезінде әл-ауқаты, жағ­дайы төмендеген азаматтарды қол­дау мәселесі қамтылуы керек. Мем­­­­лекеттің дәстүрлі әлеуметтік функ­цияла­рын жалғастыратын сая­­­сатын мәлімдеуден бөлек, екін­ші жа­ғы­­нан көптен күтіп отырған мә­селе – коронадағдарыс кезін­де опық жеген бизнес салаларын қол­дау бас­та­масы. Сонымен қатар ал­дағы саяси науқанның басталуы да сөз болуы керек. Саяси нау­қан­дағы баста­малар мен рефор­ма­лардың жиын­­тығы қозғалады деп ой­лаймын.   Рахым ОШАҚБАЕВ, экономист: –  Алдағы Жолдаудан Мәжіліс пен мәслихатқа депутат сайлауда саяси бәсекелестіктің артуына жағдай жасайтын саяси реформа­лардың жүзеге асуын күтемін. Ме­нің­ше, уақыт бар, бізге науқанды аралас сайлау қағидаты бойынша өткізген абзал. Қазір бізде тек пар­тиялық тізіммен, пропорцио­налды жүйе бар. Меніңше, Мәжіліс пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынатын бір мандатты округтер бойынша үміт­керлерді енгізу керек. Яғни, аралас сайлау жүйесі керек. Әлеуметтік-экономикалық мә­се­ле де аса өзекті. Қазір халықтың әл-ауқаты төмендеп барады. Жұ­мыс­сыздық артып кетті. Ең қиын мәселе – халықтың несиеге белше­ден батуы. Соңғы мәліметтерге сен­сек, 2,5 млн адам несиесін жабу­да қиындықтарға тап болып отыр. Яғни, қарызы бар. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Қоғамдық сенім кеңесінде жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заң қабылдауды ұсынып келемін. Жо­ғары несиелік мөлшерлемесі бар қарызын көп азаматтар өтей ал­май­ды, оларға бұл бастама өз ста­ту­сын құқықтық алаңда заңдастырып алу­ға мүмкіндік берер еді.   Ерлан САЙЫРОВ, саясаттанушы: – Ресейдегі, Беларусьтегі  жағ­дай Қазақстан азаматтарының сана-сезіміне әсер етеді. Қазіргі таң­да саяси модернизация, рефор­малар өте қажет. Біздің еліміздің дамуын эволюциялық тұрғыдан әрі қарай ұйымдастыру үшін міндетті түрде саяси рефор­малар керек деп есептеймін. Оның ішінде өзін-өзі басқаруды дамыту, БАҚ туралы заңды өзгерту, тағы басқа мәселелер аса өзекті. Ең бастысы, еркіндік бе­рілуі керек. Өкінішке қарай, ха­лық кедейленіп кетті. Жұмыс­сыздардың саны артады. Сондық­тан мемлекеттік бюджеттен халық­қа тікелей көмек көрсету жағын қарастыру керек. Пандемия кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын бір деңгейде ұстап отырудың тетіктерін жасау қажет.  

Кәмшат ТАСБОЛАТ