«Жаңаөзендегі инфекциялық госпитальде 200-ден астам науқас ем қабылдаған. Коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шықты. Дегенмен дәрігерлер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені қазір провизорлық орталықта 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр» делінген орталық таратқан хабарламада. Дегенмен дәрігерлер әлі де сақтық шараларын естен шығармауға кеңес берді. «Әлде де босаңсуға болмайды. Себебі коронавирус инфекциясының шілде, тамыз, маусым айларында халыққа тиген зардабының шет жағасын көрдіңіз. Соны қайталамау үшін біз қазіргі таңда сақ болуымыз қажет. Адам көп шоғырланатын жерлерге, той-садақаларға халықтың әлі де бармағаны дұрыс. Күзде жедел респираторлы инфекциямен бірге коронавирус инфекциясы таралады деген болжам әлі де сейілген жоқ», – деді Жаңаөзен қалалық бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаңабай Оңайбаев.
А.АЙДАРҚЫЗЫ