Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
Оңтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіқ Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл соғады. Жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертен Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел найзағай кезінде 15-20 м/с-ке күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысында, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.