Экономиканы құлдырау күтіп тұр
Экономиканы құлдырау күтіп тұр
© коллаж: Қуаныш Cапарбай
 

Дамушы елдер де жеткізбей кетті

Бұл мәлімдеме Премьер-Ми­нистр Асқар Маминнің төра­ға­лы­ғымен өткен Үкімет оты­ры­сында жа­салды. Жалпы, Қа­зақстан эко­но­микасының да­муын халықара­лық рейтинг агент­тіктері оң баға­лау­да. Мысалы, Moody's және FitchRatings респуб­ликамыздың рейтингін «инвес­тициялық се­нім­ділік» деңгейінде растады. Биыл­ғы 21 тамызда FitchRatings агент­тігі елімізге «тұрақты» болжамы бар «BBB» деңгейінде рейтинг берді. Әйтсе де, жиында жария етіл­ген «Қазақстанның 2021-2025 жыл­дарға арналған әлеуметтік-эко­номикалық даму болжамы» бұ­рын­ғы жылдардағы пессимистік сце­нарийге көбірек ұқсайды. Бі­рақ мұнысы енді базалық сце­на­рий екен. Ол сценарийге сәйкес, ЖІӨ нақ­ты өсімі 2021 жылы 2,8 пайыз дең­гейінде ғана болжанып отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 4,6 пайыз­ға жетеді. Еске сала кетсек, эко­­номистердің есептеуінше, Қа­зақ­стан дамыған елдерді қуып же­тіп, қатарына қосылу үшін оның экономикасы ғасыр ор­та­сына де­йін жылына кем дегенде 5 пайыз­­дан көп өсуі тиіс. Атау­лы ЖІӨ көлемі 2021 жы­лы 76,7 триллион теңгені, ал 2025 жы­лы 104,8 триллион теңгені құ­рай­ды. Теңгенің тұрақты түрде құн­­сыздануы кесірінен осы көр­сет­кіш 2025 жылы шетелдік валю­та­дағы сомасы 182,6 млрд доллар ға­на болады. Халықаралық валю­та қорының рейтингі бойынша, Қа­­зақстан бұл көрсеткішімен бес­­жылдықта әлемдегі елулікке де кі­ре алмайды. Ұлттық валюта­сы­ның «салмақ жоғалта» беруі ке­сірі­нен республикамыз ұзақ жыл­дан бері бір орынды таптаудан бас­қа қауқар көрсете алмауда. Бас­ты экспорттық тауарымыз – мұ­най қымбат болған 2017 жылы атау­лы ЖІӨ – 163 млрд, 2018 жы­лы 173 млрд долларға жетті, деген­мен өзге елдердің өрлеуі нәти­же­сін­де бәрібір 154-орында қалды. Кейінгі 2 жылда одан төмен құл­ды­рап кетті. Ал 2025 жылы 182 млрд межесін алса, 53-орынға көтерілуі ықтимал. Әзірге дүниежүзілік рейтингте Қа­зақстан атаулы ЖІӨ-і көлемі бойынша Чехия (245 млрд дол­лар), Вьетнам (241 млрд), Румы­ния (240 млрд), Ирак (224 млрд), Катар (191 млрд), Алжир (174 млрд) секілді дамушы елдерден де төмен тұр. Базалық сценарийде 2021 жы­лы мұнай өндіру 86 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейін өседі деп жорамалданған. Пес­си­мистік сценарий саланың ахуалы одан нашар болатынын аң­ғартады. ekonomika  

Қазына триллиондарға кеміді

Жаңа сценарийге сәйкес, алдағы 3 жылдың басты қаржылық құжаты да қайта жазылып шықты. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде келесі болжамдар қолданылды: біріншіден, ЖІӨ 2021 жылы – 2,8 пайыз, 2022 жылы – 3,7 пайыз және 2023 жылы 4,6 пайызға өсуі керек. Бұрын кем дегенде 5 пайыздап өсу міндеті қойылған. Екіншіден, 2021-2022 жылдары инфляция – 4-6 пайыз, 2023 жылы – 4-5 пайыз болмақ. Бұрынғы меже 3-5 пайыз болып еді. Үшіншіден, 2021-2023 жыл­­дары мұнай бағасының 1 бар­релі 35 доллар бола­ды деп белгіленді. Бұрынғы бюд­жеттер 55 долларға құрылған. Төртіншіден, республикалық бюджеттің кірістері (трансферт­терді есепке алмағанда) 2021 жылы – 6 трлн 926 млрд теңгені, 2022 жылы – 8 трлн 566 млрд тең­гені, 2023 жылы 9 трлн 217 млрд тең­гені құрайды делінді. Пан­демияға дейін бюджет кірісі 2021 жылы – 8 трлн 636 млрд теңге, ал 2022 жылы – 9 трлн 44 млрд теңге көлемінде бол­­жан­ған-тын. Яғни, келесі жыл­­дары бюджет жыл сайын 1-2 трил­лион теңге жоғалтпақ. Бесіншіден, Үкімет «көрпеге қарай көсіл», яғни қанша тапсаң сонша жұмса қағидасын бұдан әрі де ұстана алмайтынға ұқсайды. Себебі шығыны кірісінен екі есе­дей артық. Республикалық бюд­жеттің шығыстары 2021 жылы – 14 трлн 49 млрд теңге, 2022 жылы – 13 трлн 873 млрд теңге, 2023 жылы 13 трлн 889 млрд теңге көлемінде болжануда. Жетпейтін қаржы мұнай-газ және металл экспортынан түскен валюта құйылатын Ұлттық қордан тартылады және шетелден қарызға алынады. – Кепілдендірілген транс­фертті тек әлеуметтік міндетте­мелерді қаржыландыру үшін жұм­сау көз­делген. Тиісінше, даму бағ­­дар­ламаларын қаржылан­дыру­ды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан тағы 1 трлн теңге мөлше­рінде нысаналы трансфертті тарту ұсынылады, – деді еліміздің бас экономисі Р.Дәленов.  

Ұлттық қордағы ақша азайып келеді

Еліміздің бас банкирінің даусы да жабырқаңқы шықты. Биылғы жыл соңына қарай экономика көрсеткіштері нашарлауы ықти­мал екен. – Ұлттық банктің қазақстан­дық кәсіпорындарға жүргізген сауал­намасы көрсеткендей, биыл 3-тоқсанда экономикалық белсен­ді­ліктің төмен қарқыны күті­ліп отыр. 2020 жылы төлем балан­сының ағымдағы шотының тап­шылық дефициті қалыптасады. Бұған 2020 жылы мұнай баға­сының жалпы төмендеуі және мұнай өндіруді қысқарту бо­йын­ша OPEC+ мәмілесінің та­лап­­тарын сақтау ықпал етеді. Биыл­ғы жыл қорытындысында депозит­тердің әлсіз өсуі күтілуде, өйткені халықтың нақты табысы төмендеді, – деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев. Ол биыл іскерлік белсенділіктің баяулауы экономикаға беріле­тін несиелердің азаюына соқтыра­тынын жеткізді. Бизнеспен айна­лысқысы келетіндер, компаниялар саны азайса, олар кредитті де кем тұтынады. 2020 жыл басталғалы банктер 13,9 трлн теңге несие беріпті. Мұнай бағасының құлауы, одан түсетін түсімнің күрт кемуі, бюд­жет шы­ғын­дарының еселеп артуы ақыр соңында Ұлттық қор­дың азаюына әкелді. Заңнамада Ұлттық қордағы қазына көлемі ЖІӨ-нің 30 пайызынан кем бол­мауы тиіс деген міндет бекітіл­ген. Ел Үкіметі осы «қауіпті табал­дырық­тан» аттауға жақын қалыпты. – Бюджет тапшылығы, рес­пуб­­ликалық бюджеттің жоба­сы Ұлттық қордан трансферт түрінде алы­натын қаражат көле­мі­нің едәуір артуын көздейді. Нәтижесінде, болжам бойынша 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты ЖІӨ-нің 30,8 пайызын ғана құрайды. Демек, ЖІӨ-нің 30 пайызынан кем болмайтын қалдығын бұзуға жақындайды. Осыған байланысты Ұлттық қордың жинақтау функ­циясын сақтау және мұнай тап­шы­лығын азайту үшін шаралар қабыл­дауымыз қажет! 2021 жылы қордан бюджетке алынатын кепіл­дендірілген трансферт көлемі – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн тең­ге болады. Сондай-ақ 2021 жыл­ға 1 трлн теңге көлемінде қо­сым­­ша нысаналы трансферт көз­дел­ген, – деп ескертті Е.Досаев. Қордың жинағын көбейте алар жаңа шаралардың қандай екені белгісіз. Ол қабылданғанша, Үкімет жуықтауға болмайтын әлгі межеге тоқтаусыз таяй бер­мек: сонда Ұлттық қорда 2020 жыл­дың соңында 27,3 трлн теңге не­месе ЖІӨ-ге шаққанда 38,5 па­йыз көле­мінде қаржы қала­ды. Ал 2021 жылы – 26,6 трлн теңге, 2022 жылы – 26,9 трлн теңге, 2023 жылы 27,6 трлн теңге қара­жат қана қалады. Бұл ЖІӨ-ге шақ­қанда – 30,8 пайыз. 3 жыл­дан кейін жағдай өзгермесе, шенеуніктер 30 пайыздық меже шекарасын бұзып өтпек.  

Елдос СЕНБАЙ