Екі аяғы жоқ бала Олимпиадаға қатыспақшы

Екі аяғы жоқ бала Олимпиадаға қатыспақшы

Оның бар арманы – Олимпиадада өнер көрсету.

Санкт-Петербургте екі аяғы жоқ 10 жасар скейтші бүкіл әлемге танымал болды.

 Баланың есімі – Максим Абрамов. Ол бала кезінде өрттің кесіріне екі аяғын жоғалтып алған. Бірақ соған қарамастан ол өзін скейтте еркін сезінеді. Бейне бір судағы балық секілді. Оның бар арманы – Олимпиадада өнер көрсету.

                                                 

Негізі ол аптасына үш рет скейт тебеді екен. Оның скейт тебуіне тіпті Тони Хоуктың өзі таңданған. Міне, содан бастап оның жанкүйерлері күн санап көбеюде.

Бұл жайында Mash сайты хабарлады