Сайрамсуда құздан құлап қайтыс болған әйелдің денесі табылды
Сайрамсуда құздан құлап қайтыс болған әйелдің денесі табылды
Фото: Интернеттен алынды
153
оқылды
Төлеби ауданындағы Сайрамсу шатқалына шыққан 5 адамның әйелдің денесі екі күннен соң табылды. Ерлі-зайыптылар шатқалға құлап кеткен. Төтенше жағдай мамандары 42 жастағы ер адамды құтқарғанымен, оның 39 жастағы әйелінің мүрдесін бүгін кешқұрым алып шықты. Сарыағаш ауданынан келген туристер жетекші-мамансыз Сайрам мұздығына өз бетімен шықпақ болған. Арнайы жабдықтары жоқ, дайындығы аз топ теңіз деңгейінен 4 мың 236 метр биіктікке жеткенде ерлі-зайыптылар аяғы тайып, шатқалға құлайды. Құтқарушылар тобы қабырғасы сынып, үсік шалған еркекті кеше шығарып алып, қауіпсіз жерге жеткізген. Жырадан түсіп кеткен әйелдің мүрдесін шығаруға кешелі бері жұмыс істеп, тіпті тікұшақ тартуға тура келген. Ол 30 метрлік жыраға құлаған.
Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Ерғали Бақаев: «Бағана ұзақта орналасқан. Тау шатқалындағы мұз, қиыршық тастар, сонымен қатар екі күн бұрынғы жаңбырдың нәтижесінде таулы шатқалдарда көп қиындық туды», – деді.