Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Бұл Алмат Кебіспаевтың әлем чемпионатында жеңіп алған үшінші қола жүлдесі

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан грек-рим командасы кезекті медаліне қол жеткізді.

63 келіде белдескен Алмат Кебіспаев қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен кездесіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Қорытынды нәтиже - 9:0. Бұл Алмат Кебіспаевтың әлем чемпионатында жеңіп алған үшінші қола жүлдесі. Бұған дейін Кебіспаев 2010 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген болатын.  Сондай-ақ, Алмат 2011 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 

Қазақ балуаны финалда жеңіліп 20 жылда алғаш рет алатын алтынды қолдан сусытып алды

ӘЧ: Әлем чемпионын жеңген қазақ балуаны финалға шықты
ӘЧ: Екі жыл бұрын әлем чемпионатының күмісін алған қазақ балуаны жүлдесіз қалды