Машат асуында жолаушылар автобусы аударылды
Машат асуында жолаушылар автобусы аударылды
Фото: Интернеттен алынды
155
оқылды
«Алматы-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан «Yutong» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып, жанымен құлаған. Автобус салонында 34 адам, соның ішінде жеті бала болған. Көлік жанармайы төгілген жоқ. Жол-көлік апаты салдарынан, сағат 07:35-тегі жағдай бойынша, Сайрам ауданының орталық аудандық ауруханасына 17 адам жеткізілді, соның ішінде 6 адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде екеуі – ауыр жағдайда, арасында балалар жоқ. Қалғандары тексерілген соң, үйлеріне жіберілді. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері барды.