Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың шұғыл қонған себебі белгілі болды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың шұғыл қонған себебі белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
183
оқылды
SCAT әуекомпаниясына тиесілі DV 734 «Нұрсұлтан-Алматы» рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.
«Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті. Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр» делінген ресми мәліметте.
Кейіннен анықталғандай, ұшақ әуеде құстармен соғысып қалған.