Алматыда жалған ақша жасағандар сотталды
Алматыда жалған ақша жасағандар сотталды
Фото: Интернеттен алынды
126
оқылды
Қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері екі адамнан құралған қылмыстық топты анықтаған. Олар жалған ақша жасаумен айналысқан. Екі күдікті қалада және облыста жалған 10 000 теңге жасап, оны сатқан. Пәтерді тінту барысында жалған ақша жасайтын құрал, ноутбук, принтер, ерекше белгісі бар арнайы қағаз, бояу толы құты, екі жағында 10 000 теңге бейнеленген цифрлық файлдар, банкноттар мен ою-өрнек бейнеленген фольга ленталары, кеңсе заттары, 220 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркілеген. Сот үкімімен күдіктілер Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жалған ақша жасайтын цехты ашқандардың бірі – 5 жылға, екіншісі 3,5 жылға сотталды.