Өзен арнасын тазалауға 144 миллион
Өзен арнасын тазалауға 144 миллион
Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының мә­лім­деуінше, қаржының басым бө­­лігі  ұзындығы 21,2 шақырым болатын Қошқар ата өзенін таза­лауға бағытталыпты.  Одан кейін 5,4 шақырым болатын Қарасу, 10,5 шақырымдық Ақсай мен Қара­бастау өзендері мен 20,6 шақырымдық Шымкент  каналы бар. Сонымен қатар бүгінде  11,8 шақырымдық Жаңа Шек,  3,5 шақырымдық Компыс, 13,4 шақырым болатын Тоғыс,  8,7 шақырымдық Сасық, 3,7 ша­қырымдық Ынтымақ каналының арнасы тазалануда. Сөйтіп, барлығы 97,7 шақырым өзен-каналды механикалық және қол­мен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарма мамандары елді ме­­кендерді су алып кетпес үшін «Жұ­мыспен қамтудың жол кар­тасы» бағдарламасы аясын­да Жаңа Шек каналының «Каз­бакалейторг» ай­мағынан Ай­мауытов көшесіне дейінгі 4,4 шақырым болатын арнасын бе­тондау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Оған 334 мил­лион теңгеге жуық қаржы жұ­мсалған. Сондай-ақ бағдарлама ая­сын­да су алу қаупі бар 32 ме­кен­жайдағы 14,2 шақырым ир­ригация жүйелерін қалпына кел­тіру жұмыстарына 367,5 млн теңге бөлінген. Олардың қата­рында  Абай ауданы бойынша 7 мекенжайда 95 млн теңгенің жұмысы, әл-Фараби ауданы бойынша 8 мекенжайда 66,6 млн теңгенің,  Еңбекші ауданы бойынша 5 мекенжайда 57,9 млн теңгенің және Қаратау ауданы бойынша 12 мекенжайда 147,2 млн теңгенің жұмысы бар. Бүгінгі таңда осынау жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бағдарлама аясында бұл жұ­мыстарға 159 адам тартылған. Оның 81-і –  жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрғандар.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы