Қасым-Жомарт Тоқаев Шамалғандағы жол апатына байланысты көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Шамалғандағы жол апатына байланысты көңіл айтты
132
оқылды
132
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шамалған өткелінде болған жол апатына байланысты көңіл айтты.

«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.

Жол апаты 15 қыркүйек 2019 жылы сағат шамамен 19.20-да Шамалған станциясында болды. Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соғып, бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.