16 қыркүйек Анкарада Сирия дағдарысын шешу бойынша Астана процесінің кепілгер мемлекет басшыларының кездесуі өтеді.
Euronews ақпарына сәйкес Түркия астанасына бірінші болып Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани келген. Дүйсенбіде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келеді деп күтілуде. Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Сирия мәселесінен өзге, әскери-техника саласындағы әріптестік туралы сөз қозғайды. Алайда үш жақты кездесудің күн тәртібінде тұрған басты мәселе – қыркүйекте жұмысын бастайтын Сириядағы конституциялық комитеттің ұстанымдарын қадағалау.
Президенттер «Әл-Қайда»* (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) мен Хайят Тахрир аш-Шам»* коалициясының бақылауындағы Идлиб провинциясының жайын ашық талқылайды. Сириядағы қақтығыстар тамызда тәмамдалды деп жарияланса да, Идлиб провинциясында жағдай ушығып тұр.