Оқушылар мектепке қажет оқу құралдарын тегін алды
Оқушылар мектепке қажет оқу құралдарын тегін алды
214
оқылды
Оқу жылы қарсаңында елордалық жасотандықтар көп балалы және аз қамтылған отбасылары оқушыларына мектеп құралдарын сатып алуға сертификаттар табыс етті. «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев аталған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Мектепке жол» – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы, сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылына дайындау бойынша жыл сайын өтетін республикалық акция. Жасотандықтар осы акцияға жыл сайын белсенді қатысады. Қазіргі таңда акцияны біздің белсенділер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында өткізіп жатыр. Бүгіннен бастап бізге басқа өңірлер де қосылады», – деді ол.
Оқушылардың ата-аналары жасотандықтарға көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді: «Nur Otan» партиясына және «Jas Otan» Жастар қанатына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай кезінде бізге азық-түлік себеттері түрінде де көмек көрсетілді. Біздің белсенді жастарымызға тағы да алғыс айтқым келеді», – деді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.    width= Балалар мен жас отбасылар әрқашан жастар қанатының ерекше ықыласы мен қамқорлығына ие. Осыған байланысты Елнұр Бейсенбаев қазіргі таңда жастар арасында талқыланып жатқан 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасына тоқталып өтті. «Біз үшін «Nur Otan» партиясының Жастар қанаты ретінде өскелең ұрпаққа қолдау көрсету өте маңызды. Кішкентай балаларымызға отбасылық құндылықтарды бойына сіңіріп, тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.  Сондықтан жас отбасылардың өмірін жақсарту жөніндегі міндеттер біздің «Жастар –Отанға!» бағдарламамызда көрінісін тапты», – Елнұр Бейсенбаев. Айта кету керек, сертификаттар елорданың 20 оқушысына табысталды. Аталған акцияға аудандық жасотандықтар да атсалысуда.