Алматыда ірі жол-көлік апатынан бойжеткен қаза тапты
Алматыда ірі жол-көлік апатынан бойжеткен қаза тапты
162
оқылды

Алматыда Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында ірі жол-көлік апаты болды. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі Есқараев көшесінде шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан. Жеңіл көлікті тізгіндеген бойжеткен «Жол бер» белгісін не байқамай қалған, не мән бермеген. Салдарынан Розыбакиев көшесінің жол айрығына шығып кеткен. Куәгерлер осы сәтте солтүстік бағыттан Lexus GS 300 маркалы көлік жүйіткіп келе жатқанын айтады.

Toyota Lexus-тың жанына шығып кетіп, соққы салдарынан айнала бастаған кейіннен бағанаға соғылып, жүз метрге ұшып кетіп тоқтаған. Жеңіл көлік соғылғаннан кейін жолда такси ұстап тұрған үш жолаушыны қағып кетіп, арыққа ұшып кеткен.

Жол-көлік апаты салдарынан Lexus тізгіндеген жігіт ауыр жағдайда емханаға жеткізілді. Ал 1992 жылғы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бойжеткенге оқиға орнында көмек көрсетілді.

Апат орнында полиция қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс жасауда.


фото - Sputnik.kz