Қауіпті қалдықтың таралуына байланысты министрлік «Қазақмысты» тексеретін болды
Қауіпті қалдықтың таралуына байланысты министрлік «Қазақмысты» тексеретін болды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
180
оқылды
Dидео Instagram-дағы "Балқаш" парақшасында пайда болды. «Конвертер учаскесінен сәлем. Газ құрамындағы қауіпті заттарды ұстайтын сүзгілер жұмыс істемейтіндігінің дәлелі. Корпорация экологтары жемқор», – дейді ролик авторы. Бұл видео жұмыс орнында түсірілген. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!   https://www.instagram.com/p/CEUKyT2Jb9S/?utm_source=ig_web_copy_link Экология министрлігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов: «Бұған дейін Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Kazakhmys Smelting ЖШС-не қатысты тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде, бірқатар ережені бұзғаны анықталды. Видеода көрсетілген дерек бойынша біз қосымша тексерістерді бастаймыз. Содан кейін мәлімет беріледі. Сонымен қатар, жұмыс аумағындағы еңбек жағдайлары туралы сұрақтар бар. Бұл сала денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құзыретіне кіреді. Біз бұл органдарға да хат жолдадық», – деді.