Саудиядағы шабуылға қатысымыз жоқ - Иран
Саудиядағы шабуылға қатысымыз жоқ - Иран
5,140
оқылды

Сауд Арабиясындағы мұнай өндіру зауыттарына шабуылға Иранның қатысы бар деген АҚШ-тың айыптауларын Тегеран негізсіз деп атады.

Иран СІМ-нің ресми өкілі Аббас Мусави «айыптаулар жалған және негізсіз, әрі дипломатиялық тұрғыдан ойға қонбайды» десе, Сыртқы істер министрі Джавад Зариф Помпеоның осы мәселе төңірегінде Иранға таққан айыбына шүйлікті.

Сенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран билігін Сауд Арабиясындағы Saudi Aramco ұлттық мұнай компаниясына жасалған шабуылға қатысы бар деп айыптады. Оның сөзінше шабуылды «Йеменнің жасағанына еш дәлел жоқ».

Жексенбіде Құрама Штаттар Сенаты бұған жауап ретінде Иранның мұнай өндірісі нысандарына шабуыл жасауға шақырды.

Бұған дейін Сауд Арабиясының мұнай өндіретін зауыттарына жасалған шабуылды йемендік хуситтер мойнына алған еді.

Сенбіге қараған түні Корольдіктің ең ірі мұнай өндіретін нысандарына шабуыл жасалды.Шабуыл салдарынан әлемде мұнай бағасы аспандап кетті.