Түркістандықтар жаңа оқу жылына қауырт дайындалып жатыр. Білім саласына жауапты орындар мектеп оқушыларының оқу процесі қалай болатынын нақтылап, тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясының облыстық филилалы да қарап қалмай, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына көмектесу мақсатында басталған акцияны жалғастыруда.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау. Мектепке қажетті құралдарды жабдықтауға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.