Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы ауыр
363
оқылды

Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасы пойыз бен автобус соқтығысқан жол апатында зардап шеккендердің жағдай туралы хабарлады.

Жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам ауыр жарақаттанған еді. 2014 және 2016 жылы туған балалар мен 33 жастағы әйел Қарасай аудандық емханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жай-күйі өзгеріссіз.

«2016 жылғы науқас жан сақтау бөлімінде жатыр, бастың жабық жарақаты, бас миынан қатты жарақат алған, убарахноидты қан кету, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ өкпенің жарақаты диагнозы қойылған. 2-3 деңгейлі комада.

2014 жылғы науқасқа да , бастың жабық жарақаты, бас миынан қатты жарақат алған, маңдайдың самай сүйегі сынған, оң жақтағы субдуральды гематома диагнозы қойылды. 2-3 деңгейлі комада.

1986 жылғы науқас 1 деңгейлі шок алған. Бастың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ иықтың сынып, орнынан ығысуы, сол жақтың сынып, орнынан ығысуы деген диагноз қойылды».

15 қыркүйек кешкі сағат 19.26-да жедел жәрдем станциясына 67-ші жергілікті жолаушылар автобусының жолаушылар пойызымен соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті. 15 минуттың ішінде оқиға орнына 9 жедел жәрдем көлігі аттанған.

15 қыркүйек Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде сағат 19.20-да жол апаты болды. Автобус жүргізушісі пойыздың дабылына қарамастан, жолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты қағып кетті. Жол апатынан автобус жүргізушісі қаза тауып, екі қыз бен бір әйел ауыр жарақат алып, емханаға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.