Қарағандылық үздік мұғалімдерге 1 миллионнан астам теңге сыйақы беріледі
Қарағандылық үздік мұғалімдерге 1 миллионнан астам теңге сыйақы беріледі
© сурет интернеттен алынды
138
оқылды

Биыл Қарағанды облысының мұғалімдері алғаш рет кәсіби мерекеге құрмет төс белгілері мен ірі ақшалай сыйақы алады. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен тамыз отырысында мәлімдеді, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Биылғы жылы облысымыздағы мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төс белгісі жарияланды. Бұл марапат үздік педагогтарға тапсырылады. Оның иегерлеріне 400 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді – бұл бір миллионнан астам теңге. Бұл марапаттың бірінші иегерлерін сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күніне орай анықтаймыз, - деді облыс әкімі.

Жеңіс Қасымбек мемлекет пен жергілікті атқарушы биліктің білім беру жүйесіне ерекше назарын атап өтті. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті. 70-тен 100 АЕК дейін «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде жас мамандарға көтерме жалақы ұлғайды. Студентердің шәкіртқасы 25%-ға ұлғайтылды.

Өңір басшысы білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту туралы баяндады. Бұл жылы мектептерді, балалар бақшасы мен колледждерді жөндеуге 16,8 млрд теңге - болып көрмеген сома бөлінді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен үш есе артық. Облыс қалаларында заманауи стандарттар бойынша жабдықталған мектеп оқушыларының екі жаңа сарайы ашылады.

Қиын-қыстау кезеңде, коронавирус жұқпалы ауруы пандемиясына байланысты қашықтықтан оқытуға шұғыл өтуге тура келді, педагогтар қолдаусыз қалған жоқ.

Жаңа оқу жылының қарсаңында облыстың 160 педагог ведомстволық марапатқа ие болды және 10 білім қызметкері облыс әкімінің алғыс хатын алды.

Осы жылы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы 26 тамызда Zoom платформасында және Facebook әлеуметтік желісінде онлайн өтті. Оған он мыңнан астам адам қашықтықтан қатысты: білім қызметкерлері, ата-аналар жұртшылығының және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері. Кездесу Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде және YouTube-та көрсетілді.

Конференция жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне арналды. Қатысушылар қашықтық форматында оқытуды ұйымдастыру және білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Қалалық және ауылдық мектеп оқушыларына арналған жаңа білім жобалары ұсынылды.