Nur Otan партиясы оқушыларға планшеттер мен рюкзактар сыйлады
Nur Otan партиясы оқушыларға планшеттер мен рюкзактар сыйлады
«Мектепке жол» акциясы аясында Республикалық қоғамдық қабылдауында «Nur Otan» партиясының атынан көп балалы аналар мен мұқтаж отбасыларға мектеп құралдары табысталды. Іс-шараға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Нәзилә Раззақ қатысты. Nur Otan Нәзилә Раззақ (2) – Қазақстанда жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Біз бұл акцияны белсенді түрде қолдаймыз. Бүгін біз балаларға планшеттер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын ұсындық. Бұл жақсы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар өмірлік қажеттілік. Біз ең жағдайы төмен отбасыларды таңдадық. Мысалы, бір отбасында 7 бала бар, олардың біреуі ерекше көмекті қажет етеді, – деді Нәзилә Раззақ. Сондай-ақ, ол қазір партияға көптеген өтініштер түсіп жатқанын және бұл қоғам тарапынан партияға деген сенімнің артқандығын атап өтті. Өйткені, партия әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға мүдделі. Іс-шара соңында Нәзилә Раззақ ата-аналар мен балаларға жақсы тілегін айта отыра планшеттер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын сыйлады. Олар өз кезегінде Елбасы мен «Nur Otan» партиясына алғысын білдірді.