Тоқаев Жемқорлыққа қарсы агенттік жұмысына оң баға берді
Тоқаев Жемқорлыққа қарсы агенттік жұмысына оң баға берді
120
оқылды
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Алик Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы есеп берді. Агенттік төрағасы саяси мемлекеттік қызметшілер мен жауапты басшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін қызметінен босатуға және нормативтік-құқықтық актілерді жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуді қалпына келтіруге қатысты Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Президент мемлекеттік органдардың жұмысына қызмет көрсету моделін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, Агенттіктің азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарына оң баға берді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы 19 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға қатысты берілген тапсырмаларды тезірек заң жүзінде іске асырудың қажет екенін айтты.