Коронавирус жұқтырған алматылықтарға 50 мың теңгеден беру жоспарлануда

Коронавирус жұқтырған алматылықтарға 50 мың теңгеден беру жоспарлануда

Коронавирус жұқтырған кей алматылыққа 50 мың теңгеден беру жоспарлануда. Алматы мәслихаты "Алматыда пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" жобаны көпшілік талқылауына қойды.

Әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде пневмония және коронавирус індетімен (КВІ) ауырған Қағиданың 15 тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі дейді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi; 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар; 3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; 4) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар; 5) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер; 6) асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар; 7) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлер; 8) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар; 9) аз қамтылған отбасылар. Жобаны мына жерде талқылауға болады.